Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын айтты
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
18.01.2024 18:45
Фото:
instagram.com/kudaibergenov.dimash
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ертең 20 ғасырдың үздік дауысы, маэстро Пласидо Доминго мырза екеуміз орындаған 1863 жылғы Жорж Бизенің «The pearl Fishers» операсынан туынды орындаймыз, - деп жазды әнші.
Айта кетейік, әнші Димаш Құдайберген 2024 жылы Еуропада тур ұйымдастырады. Алғашқы концертін Венгрияның астанасы Будапешт қаласында өткізеді.

