Димаш Құдайберген Қазақстан туралы жаңа бейнебаянын көпшілік назарына ұсынды
27.11.2024 10:53
Фото:
Dimash Qudaibergen
Бүгін, 27 қарашада, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген тыңдарманының назарына жаңа бейнебаян ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейнебаян «Киелі мекен» әніне түсірілген. Бұл туралы өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Достар, ерекше ықыласпен және зор қуанышпен бүгін мен сіздерге сағат 10:00 де YouTube-тағы парақшамда «Киелі мекен» әніне бейнебаянды ұсынамын. Жаңа музыкалық жұмыс менің Отанымның таңғажайып көркемдігіне арналған!
Бейнебаянда біз Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттары мен бай мәдениетін паш етуге тырыстық.
Мен Қазақстан әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристердің тартылатын орталығына айналатынына сенімдімін, - деп жазды әнші.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

