Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға шапан сыйлады

Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға шапан сыйлады
Фото: Видеодан алынған кадр 17.03.2024 20:30 795

Опера әншісі, режиссер Пласидо Домингоға шапан сыйға берілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Отандық әнші Димаш Құдайберген әлемдік жұлдызға қазақтың ұлттық киімін сыйға тартты. Бұл сәттің видеосын Димаш әлеуметтік желіде жариялады.

Қай халықта болсын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесі­нің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген ХХ ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Естеріңізде болса, қаңтарда Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Жорж Бизенің операсынан үзінді орындаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға