dimashnews.com

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концерті жайлы деректі фильм түсіріп жатыр

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында өткен жеке концертінен кейін көрермендерге алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әнші бұл кешті өзінің көпжылдық арманының орындалуы деп атап, оған қолдау көрсеткен командасына, музыканттарға және әр тыңдарманына ерекше ризашылығын жеткізді.

Музыка бізді Қазақстаннан Америкаға дейін – жүректен жүрекке, жаннан жанға жалғады, – деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында.

Кештің ең әсерлі сәті – Димаштың үш жылдан астам уақыт бойы дайындаған авторлық туындысы болды. Шығармада төрт ірі діннің музыкалық және тарихи элементтері үндесіп, адамзатқа ортақ бейбітшілік пен рухани бірлікті паш етті.

Көрермендер туындыны аяқтарынан тік тұрып тыңдап, ұзақ уақыт қол соғып, өз ризашылықтарын білдірді.

Димаш сахнада толқып тұрып:

Бізге бейбітшілік керек, – деді.

Концерттен кейін әнші Нью-Йорктегі осы тарихи кеш жайлы «Арман тарихқа айналғанда» атты деректі фильм әзірленіп жатқанын мәлімдеді.