Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Франция президентіне алғысын жеткізді

Димаш Құдайберген Франция президентіне алғысын жеткізді
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash 07.11.2024 17:21 460

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Франция президенті Эмманюэль Макронға алғыс білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Танымал әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығая беруіне тілектестік білдірді. 

Таяуда президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары болды. Осы сапарда еліміздің делегациясының құрамында болғаным үшін қуаныштымын. Президент Эманнюэль Макронға шақыруы мен қонақжайлылығы үшін алғыс айтамын. 

Елисей сарайының қонақтарына арнап француз тілінде «SOS d’un terrien en détresse» әнін шырқап, француз достарымызға ыстық ықыласпен қазақтың «Дайдидау» халық әнін таныстырдым. Екі елдің арасындағы мәдени байланыс кеңейіп, нығая берсін! - деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға