Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Джеки Чанның фильмінің саундтрегін орындады

Димаш Құдайберген Джеки Чанның фильмінің саундтрегін орындады
Фото: Instagram/nathanwang888 13.07.2024 09:42 666

12 шілде күні танымал актер Джеки Чанның жаңа фильмі жарық көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туындыдағы соңғы бөлігінің саундтрегін қазақстандық өнер иесі Димаш Құдайберген орындады.

This Love әні Джеки Чанның көптен күттірген «Аңыз» фильмінің соңғы жағында орындалады. Бұл жаңалық туралы саундтрек музыкасының авторы, маэстро Нейтан Ванг өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Маэстро Димашпен жұмыс істеу үлкен мәртебе екенін алға тартты.

Трек 5 шілдеде музыкалық платформаларға шықты.

Джеки Чанның өзі басты рөлді сомдаған жаңа фильмнің тарихы археолог Джек туралы және оның шәкірттерімен бірге арман әлемі мен шындық арасында көпір қызметін атқаратын артефактты қалай тапқаны туралы баяндайды. Археолог мұздық қазбалары кезінде табылған жәдігерлердің текстурасы түсінде көрген нефрит кулонын еске түсіретінін айтады.

Әннің өзіне келсек, композитордің сөзінше, фильм уақыты қысқарғандықтан оны сәл өңдеуге тура келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға