Жаңалықтар

Димаш Құдайберген атасына арнап жазба қалдырды

Димаш Құдайберген атасына арнап жазба қалдырды
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash 19.06.2023 11:45 1081

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында өмірден өткен атасына арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өзінің жазбасында өнер иесі атасына айтары көп болғанын алға тартты.

Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін…Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқанымнан айтып үлгермегенім көп. Қош бол, әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің кенжетайың… - деп жазды Димаш.

Әнші қолдау білдіріп, көңіл айтқан адамдарға да алғысын жеткізген.

Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын… - деді ол.

13 маусым күні Димашты күллі әлемге танытқан Құдайберген Айтбаев өмірден озды

Мемлекет басшысы Димаш Құдайбергеннің атасының дүниеден өтуіне байланысты Айтбаевтар әулетіне көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. 

Айта кетейік, Димаш атасы Құдайберген Айтбаевтың қолында өскен. Ата-әжесі Құдайберген Айтбаев пен Миуаз Низамутдинова осыдан бес жыл бұрын отасқандарына 50 жылдығын тойлаған болатын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға