instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген алғаш рет Madison Square Garden-де концерт береді

2025 жылдың 5 қазанында ТМД елдерінің арасынан бірінші болып қазақстандық  әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында жеке концертін береді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Музыкалық шоу туралы ресми хабарлама 2025 жылдың 24 шілдесінде Қазақстанның халық әртісі атанған Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасында жарияланды.

Айрықша неоклассикалық стилімен танымал әнші, композитор, мультиинструменталист әрі продюсер Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласында өзінің әлемдік туры аясындағы арнайы «Stranger» бағдарламасын ұсынады, – делінген афишадағы сипаттамада.

Айа кетейік, бұған дейін 31 жастағы өнер иесі Қырғыз Республикасының «Халық әртісі» атағына ие болды. Бұл марапатқа қатысты әншінің анасы пікір білдірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)