19 Маусым, 17:12
Димаш болып алдайды, Илон Маск болып мәлімдеме жасайды | DeepFake технологиясы
Дипфейк – адамның түрі мен дауысын айнытпай көшіріп, жалған видео мен аудио жасайтын технология. Алаяқтар ақша сұрап, танымал тұлғалардың атынан жалған мәлімдеме жасап жатыр. Қазақстанда енді мұндай фейк үшін айыппұл қарастырылмақ.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің Дербес деректерді қорғауды дамыту бойынша басқармасының бас сарапшысы Дана Берденқызы дипфейк технологиясының қаупі мен оның жұмыс істеу механизмі туралы сұхбат берді.