Жаңалықтар

Дидар Смағұлов: Ел бюджетін басқаратындар казинода жүрмеуі керек

Дидар Смағұлов: Ел бюджетін басқаратындар казинода жүрмеуі керек
Фото: Туризм және спорт министрлігі 25.06.2024 14:00 278

ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы мемлекеттік қызметшілердің, әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлеріне құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салуды енгізу туралы петицияны қарау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға жұмыс тобының мүшелері: петиция авторы, «Әділдік жолы» басшысы Дидар Смағұлов, Парламент депутаттары, азаматтық белсенділер, мүдделі мемлекеттік органдар мен ойын бизнесінің өкілдері қатысты.

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев отырысты ашып, петицияға 50 мың адам қол қойғанын және Кодекске сәйкес Министрлік 40 күн ішінде шешім қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Ведомство ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және мемлекеттік аппаратта қоса алғанда, лудоманияның алдын алу жөніндегі жұмысты бастады. Дидар Смағұлов өтініштің себебін түсіндіріп, лауазымды тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы алаңдаушылық білдірді.

Бұл петиция құмар ойындардан болатын зиянды азайту үшін қажет, ел бюджетін басқаратындар казинода жүрмеуі керек. Себебі казино – үлкен сыбайлас жемқорлық тәуекелі. Әрине, ешкім ойын ашық айта алмайды, бірақ жиналыстарда бастаманы қайта қарау керек екендігі туралы әңгімелер бар. Яғни, белгілі бір лобби пайда болды, - деп атап өтті азаматтық белсенді Дидар Смағұлов.

Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев жұмыс тобымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы», оның ішінде құмар ойындарға және шенеуніктердің, әскерилердің және полицейлердің бәс тігуіне қатысуын шектеу бойынша Заң жобасының новеллаларымен бөлісті.

Бұл бастаманы тарихи оқиға деп атауға болады. Құмар ойындардың мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарына, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік өкілдерінің психикасына қауіп төндіретінін ескере отырып, біз Мәжіліс өкілдерінің атынан петицияға қолдау білдіреміз. Бұған қоғамның назар аударып жатқаны да қуантады, - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ мәжілісмен петиция мұндай шектеуге қарсы лоббистердің қарсылығын жеңуге көмектесті деп мәлімдеді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің өкілдері мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын бақылау тетіктері туралы айтып берді. Жалпы жұмыс тобының отырысы сындарлы түрде өтті және талқылау қорытындысы бойынша Министрлік шешімінің жобасына ұсыныстар айтылды. Шешім жобасын барлық пікірлерді ескере отырып, Министрлікте 2024 жылғы 25 маусымда сағат 17:30-да өтетін жұмыс тобының екінші отырысында қарау жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға