Жаңалықтар

ДИАЗ МҰСӘЛІМОВ: КҮМӘНДІ СЕЙІЛТІҢІЗ. МАҚСАТ ҚҰРЫП, ЖҮРЕГІҢІЗГЕ, ІШКІ ТҮЙСІГІҢІЗГЕ СЕНІҢІЗ ЖӘНЕ АРМАНДАҢЫЗ

ДИАЗ МҰСӘЛІМОВ: КҮМӘНДІ СЕЙІЛТІҢІЗ. МАҚСАТ ҚҰРЫП, ЖҮРЕГІҢІЗГЕ, ІШКІ ТҮЙСІГІҢІЗГЕ СЕНІҢІЗ ЖӘНЕ АРМАНДАҢЫЗ
22.01.2019 07:49 3632

Ақмола облысының Родина ауылдық округінде жастар Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының спикері, Нью-Йорк университетінің профессоры, қазақстандық Диаз Мұсәлімовпен кездесті.

Бұл кездесуді ауыл әкімі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» (2017) Республикалық жобасының жеңімпазы Белла Газдиева ауыл тұрғындарын АҚШ-та тұратын және жұмыс істейтін қазақстандықтың жетістік тарихымен таныстыру, оның жеке тұлға ретінде өсу және даму тәжірибесінде ынталандыру мақсатында ұйымдастырды.

«Болашақ» бағдарламасының түлектері ауылдың балаларын Жазғы мектепте үнемі оқытып отырады. Жыл сайын тақырып өзгереді, егер 2018 жылы ол «You can STEM it» деп аталса, ағымдағы жылы жазғы мектепті ағылшын тілінде ұйымдастырып, сурет салу, музыка, шешендік өнер және т.б. шығармашылықпен байланыстыру жоспарлануда.

Аудиториядағы оқушылар, мектеп және Мәдениет үйі қызметкерлерімен танысу барысында ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары — «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев 2018 жылы Родинаға ҚХА-ның жастар қанаты келіп, шеберлік сыныптарын, тренингтер өткізгенін айтып өтті. Бұл жолы Диазтың Қазақстанға сапармен келгеніне орай танысуға, жүздесуге, ынталандыруға қауышып отырғаныдықтарымен бөлісті.

«Жаңғыру жолы» төрағасының орынбасары атап өткендей, кездесу Жастар жылының ашылуы аясында өтуде.

Әнші, композитор, актер, Нью-Йорк университетінің вокалының ең жас профессоры Диаз Мұсәлімов Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген.

«Родина ауылы туралы көптен тек жақсы жағынан естіп жүрмін. Сіздер туралы тіпті шетелде – Америкада біледі, олардың көпшілігі «Болашақ» бағдарламасының қатысушылары. Мен Родинадағы тағылымдамадан өткен кем дегенде бір адамды білемін. Менің ойымша, осында жүргендердің барлығы – бақытты адамдар», – деп бастады сөзін қазақстандық.

Ол үш жасында әкесінің үлкен гитарасын алып, теледидардың алдында Игорь Сарухановтың (кеңестік және ресейлік поп-рок-әнші, сазгер және ақын) «Қымбатты менің қарттарым» әнін шырқайтынын айтты.

«Бұл ән маған соншалықты ұнайтын, төрт жасымда менің әжем, әжем татар ұлтының өкілі, өзім метиспін (жартылай қазақ, жартылай татар), мені татар концертіне әкелді. Сол уақытта ептеп би билеуді үйрендім. Концерт кезінде мен сахнаға сұрандым, бірақ әжем мені орныма отырғызып қойды», – деді Диаз.

Алайда бала тыныш таппады. Бұны басқа әжесі (туысы) естігеннен кейін, оны қолынан ұстап, сахнаға әкелді. Музыка, би – бәрі тоқтайды да, жетекшісі келіп сұрайды: «Сіз не қалайсыз?». Бұл сұраққа әжесі баланың сахнада ән салғысы келетінін айтады.

Содан ол сахнаға тап болады. Әндерден «Қымбатты менің қарттарым»әнінің шағын үзіндісін ғана білетін, соны орындап береді. «Тағы не істей аласың?» деген сұраққа ол сығанша билей алатынын айтады.

Біраз уақыттан кейін татар мектебінің басшысы қоңырау шалып, Диазтың өздіренде оқығанын қалайтынын айтады. Спикер айтып өткендей, оның музыкалық білімі осыдан басталған екен.

Бүгінде өз жолын, балалық шағын, шығармашылығын талдай отырып, қазақстандық сол кезде жоғары бәсекелестік болғанын атап өтті. Егер қазір барлығын интернеттен білуге болатын болса, онда қатысушылар тек конкурстар мен іс-шараларда ғана кездесті.

Төрт жастан 9 сыныпқа дейін Диаз өзінің барлық уақытын музыкалық мектепке арнады және оқуын жалғастыруды шешті. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне «Жеке ән айту» мамандығына түсті. Мектеп кезінде «фортепиано» сыныбында дәріс алған. «Еріншектігінен оқығысы келмейтін», алайда ата-анасының нұсқауы бойынша 7 сыныпты бітіріп, оған музыка ұнайтынын түсінді. Осылайша ол әуендерді ойнап, шумақтарды шығара бастады. Нәтижесінде «Семейім менің» әні қаланың ресми емес әнұранына айналды. Колледжді аяқтаған соң, ойлана бастады. Өсуді қалады, музыка ісінің майталмандарынан үйрену үшін Америкаға барғысы келді.

Кездесу диалог, әңгіме форматында өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды – өмір жайлы, қиындықтар мен мамандық таңдау туралы. Алдағы жылға арналған жоспарларына қатысты және Жастар жылына сәйкес спикер қазіргі уақытта өзінің алғашқы альбомына еңгізілетін жаңа әндермен жұмыс істеп, толық көлемде шығарумен айналысып жатқандығын айтып, Қазақстан, ТМД елдеріне шығаратындығымен бөлісті.

«Қазақстандық театр және мюзиклдің әртістерімен бірлесіп қоятын музыкалық қойылымдар сияқты бірнеше Американдық мәдени жобаларды әкелу жоспарда бар. Фестиваль тұжырымдамасы қарастырып жатырмыз, осы бағыт арқылы жастардың музыкаға деген сұраныстарын арттырамыз. Бұл – «Urban» индустриясы. Ауқымды жобалар жоғары деңгейде дайындалуға және іске асыруға уақыт қажет етеді», – деді Диаз.

Сондай-ақ ол табысқа жету құпиясымен бөлісті: музыкадан бағыт табу, осы бағытта ең жақсысын анықтау, оның тарихын, ол туралы материалдарды оқу, бұл шын мәнінде ләззат алып келетін зор күш-жігерді үйретеді.

Әңгіме соңында дәстүр бойынша кездесу қонағы үш кеңес беруі тиіс.

«Барлық күмән әдетте ойдан шығады. Мақсат құрып, жүрегіңізге, ішкі түйсігіңізге сеніңіз», – деп қорытындылады қазақстандық сөз соңында.

Кездесу барысында Диаз Мұсәлімов қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жегінде Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаған бейнероликті тамашалаумен аяқталды.

Кездесудің фотосурет альбомын мына жерден көре аласыздар

 

 

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға