ҰОК

Диас Жиренбаев Олимпиадаға іріктеу турнирінде өнер көрсетті

20.09.2025 14:11

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында Олимпиадаға іріктеу турнирі аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қысқа бағдарламада Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғады.

Отандасымыз бұл сайыста 64.92 ұпай жинап, аралық есепте 15-орынға табан тіреді.

Қысқа бағдарламаны бірінші болып ресейлік Петр Гуменник аяқтады. Ол 93.80 ұпай иеленді.