Диана ханшайымның жеке аспазы оның қалай тамақтанғанын айтты
Даррен Макгрейди өз карьерасын Букингем сарайында бастап, Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-ге қызмет еткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, монарх шоколодсыз өмірін елестете алмайтын және көп тағамға мүмкіндігінше шоколад қосуын сұрайтын.
1993 жылдан бастап Макгрейди Диана ханшайымға тамақ дайындай бастады. Ол аспазға бірден өзінің талаптарын жеткізген. Диана классикалық британ асханасын ұнатқанымен, тағамдардың барынша майсыз болуын қадағалаған.
Менің асымда май барынша аз болуы керек. Ал көмірсуларға қатысты уайымдамаңыз, олармен спортзалда өзім күресемін, - деген екен ханшайым.
Диана спортпен жиі айналысқан және тауықтан басқа еттің барлық түрінен бас тартқан. Макгрейдидің айтуынша, уақыт өте келе ханшайымның мәзірі оның ұлдары – Гарри мен Уильям ханзадалардың өсуіне қарай өзгеріп отырған. Балаларға бургер, паста және пицца жеуге рұқсат берілген. Ханшайым Диана бұл тағамдарды ешқашан шектемеген.

