Жаңалықтар

Дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындау дерегін анықталды

Заңсыз заттардан келтірілген материалдық залалдың сомасы 20 млн теңгеден асады
Дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындау дерегін анықталды
Фото: elitar.kz 14.07.2022 09:51 1508

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері ірі көлемде «Септохим» маркалы контрафактілік дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындау және сату фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz агентікке сілтеме жасап.

«Жедел іздестіру шаралары барысында аталған өнімді заңсыз өндірген тұлғалар ұсталып, кәсіпорынның кеңсесі мен өндірістік цехы анықталды. Іздестіру шаралары нәтижесінде әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрлік 300-ден астам бөтелке табылып, тәркіленді. Заңсыз өндірілген және өткізілген контрафактілік «Септохим» маркалы дезинфекциялық заттардан келтірілген материалдық залалдың сомасы 20 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

ҚМА «көлеңкелі» экономиканың үлесін азайту және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмысты алдағы уақытта да жүргізетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға