Жаңалықтар

Дэвис кубогы: Қазақстанның Даниямен ойнайтын құрамы жарияланды

Дэвис кубогы: Қазақстанның Даниямен ойнайтын құрамы жарияланды
Фото: ҚР ҰОК 04.09.2024 06:38 260

14-15 қыркүйекте  теннистен Қазақстан құрамасы Астанада Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында Данияға қарсы матч өткізеді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі. 

Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб аталған кездесуде ел намысын қорғайтын ойыншыларды жария етті. 

Қазақстан сапында Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов және Александр Недовесов сынға түседі.

Дания құрамасының капитаны Фредрик Нильсен мына теннисшілерге сенім артты: Аугуст Хольмгрен, Йоханнес Ингилдсен, Эльмер Меллер, Филипп Херт және Кристиан Сигсгаард.

Дания құрамында әлемнің 15-ракеткасы Хольгер Руне жоқ. Ойындар Астанадағы Beeline Arena орталығында хард төсенішіндегі корттарда болады. 

Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Қазақстан – Дания кездесуінің жеңімпазы 2025 жылы ақпанда өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға