Жаңалықтар

Депутатты қасақана көлікпен қаққан азамат қамауға алынды

Депутатты қасақана көлікпен қаққан азамат қамауға алынды
Фото: Видеодан кадр 16.05.2023 22:20 18135

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында мәслихат депутаты Тимур Адамбековті достарымен бірге қасақана қаққан азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша, 13 мамырда аудан орталығы Мырзакент кентінде орталық алаңды көгалдандырумен және абаттандырумен айналысып, тазалығына жауап беретін «Мырзакент қызмет» мекемесінің алдында Абай Достаев есімді азамат отбасымен волейбол ойнап жүрген. 

Арасында ұшқан доп егілген гүл көшеттеріне тиген. Күзетші Талғат Дәкенов аталған азаматқа бірнеше рет ескерту жасаса да, волейбол ойнауды тоқтатпаған. Осы аралықта «Мырзакент қызмет» МКК директоры әрі аудандық мәслихаттың депутаты Тимур Адамбеков және  осы мекеменің бір қызметкері Тахир Жүсіпбаев  оқиға орнына келіп, азамат Абай Достаевқа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Түсіндіру барысында Абай Достаев тарапынан мекеме қызметкерлеріне балағат сөздер айтылып, жанжал басталған. Видеода Тимур Адамбеков (видеода ақ түсті жидедегі азамат)  қос тарапты ажыратуға тырысады. Осы аралықта Тахир Жүсіпбаев (видеода көк түсті жидедегі азамат) Абай Достаевқа соққы жұмсап үлгереді. Ашуға берілген Абай Достаев рұқсат етілмеген орталық алаңға кіріп, қасақана түрде МКК қызметкерлерін 3 рет көлігімен соғады, - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Ал аудандық полиция басқармасы Абай Қостаев өзінің басқаруындағы «Mercedes-Benz» маркалы, м/б 584 QGB 13 көлігімен Тахир Жүсіпбаевті бұзақылық ниетпен қасақана екі аяғының тізесінің төмен тұсынан бір рет соғып, сындырған деп отыр. Бірақ үш рет қаққаны туралы айтқан жоқ. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Гүлбану Әниятқызы (@gulbanuanyat)

Қазіргі таңда Талғат Жүсіпбаевқа Мырзакент орталық ауруханасының хирургия бөлімінде ота жасалып жатыр.

Аталған факті бойынша, Қылымыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі 7-тармағымен тергеу жұмыстары басталған. Абай Қостаев қамауға алынған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға