Жаңалықтар

Депутаттар балаларға қарсы қылмыстар және олардың қауіпсіздігі туралы заң жобасын талқылады

Депутаттар балаларға қарсы қылмыстар және олардың қауіпсіздігі туралы заң жобасын талқылады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 30.09.2023 14:55 706

Мемлекет басшысы өз Жолдауында осы жағдайды өзгертуге бағытталған нақты міндеттерді айқындап берді. Осыған байланысты «AMANAT» депутаттық фракциясымен және құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп балаларға қарсы қылмыстар және олардың қауіпсіздігі туралы заң жобасы әзірленді. Осыған орай қоғамдық палатаның отырысы депутат Айдос Сарымның төрағалығымен басқосу өтіп, оған Мәжіліс депутаттары, салалық сарапшылар және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасы балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Бұл дегеніңіз ең алдымен – жазаның бұлтартпастығы және қылмыстың алдын алу жүйесі. Онда 4 кодекс пен 10 заңға өзгеріс енгізуді көздейтін 50-ден астам ереже бар, – деп мәлімдеді Динара Зәкиева.

Өз кезегінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғушылық қылмыстары үшін кейінгі жылдары жауапкершілік айтарлықтай қатаңдағанын айтты.

Талқылау барысында Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева мұндай шаралардың жеткіліксіз екенін атап өтті. Депутат мәселенің шешімін кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатудан ғана іздемеу керек екенін атап өтті.

Сондай-ақ суицидке қатысты заңнамадағы олқылықтарға назар аударған КАЗГЮУ Университетінің профессоры Мүслім Хасенов, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту Қоры» ҚҚ президенті Зәуреш Батталова және қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың өкілдері пікір білдірді.

Депутаттар барлық айтылған ұсынысты қолданыстағы заңнамаға практикалық қолдану мүмкіндігі тұрғысынан қарастырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға