Жаңалықтар

Депутат жалған маркетингке тосқауыл қоюды сұрады

Депутат жалған маркетингке тосқауыл қоюды сұрады
Фото: t.me/mazhilis_kz 04.09.2024 11:15 525

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков әлеуметтік желіде жалған маркетингпен айналысатындарды сынға алып, тоқтау қою керегін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат осы мәселеге қатысты сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев сауал жолдады.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер түрлі ақпарат пен контентке толы. Жеңіл ақша тауып, рейтинг жинауды көздейтін кей тұлғалар азаматтарды оңай олжалы болуға ұмтылдырып, ашық алдауға көшкен. Бұған қашықтықтан жалған келісімшарттар жасау, маркетингтік алдау, сапасыз тауарлар сатып, сапасыз қызметтер көрсету жағдайлары жиі кездеседі. Мысалы, жуырда шетелге 100 пайыз оқуға түсіруге уәде беріп, миллиондаған теңгені қалтасына басқан білім беру орталығының басшысы ата-аналар мен мектеп түлектерін сан соқтырып кеткен. Елімізде мұндай алаяқтық оқиғалар күн санап артып келеді. Алайда көрінеу жалған жарнама жасайтындарды бақылаумен айналысатын мемлекеттік мекеме жоқ. Әрине, мұндай функция сіздердің құзыреттіліктерініңізге кірмейтіні белгілі. Дегенмен сіз ұсынған заң жобасында («Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасы – ред.) бұл мәселені шешуге қандай да бір септігін тигізетіні бар ма? - деді мәжілісмен.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев алдағы уақытта бұл мәселеге байланысты ақпарат беретінін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға