Жаңалықтар

Депутат Үкіметке: Мұнай біткенде не істейсіңдер?

Депутат Үкіметке: Мұнай біткенде не істейсіңдер?
Фото: t.me/mazhilis_kz 03.05.2023 12:33 866

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Олжас Құспеков премьер-министрге адам капиталын дамыту туралы сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша адами капитал кез-келген мемлекет үшін тұрақты экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып табылады.

Дүниежүзілік банктің есептеулеріне сәйкес, дамыған елдерде ұлттық байлықтың 70%-ын адами капитал құраса, қалған 30% табиғи және өндірілген ресурстардан құралады. Батыс Еуропада адами капиталдың үлесі 70-80% құрап отыр. Қазақстандағы бұл көрсеткіш тек 40 пайыз төңірегінде, – деді депутат.

Яғни, мәжілісмен ертеңгі күндері мұнай және тағы басқа пайдалы қазбалар таусылады. Сол себепті, бүгіннен бастап үкімет жоғары білікті жұмыс күшін қалыптастыру бағытында білім беруді, кәсіптік оқытуды және әлеуметтік саланың дамыту стратегиясын өзгертуі қажет деп санайды. 

Адами капиталды дамыту бойынша ұлттық бағдарлама әзірлеуді ұсынамын. Бұл бағдарламада адами капиталды құрайтын бөліктердің барлығы қамтылуы тиіс. Мәселен бала тәрбиелеу, оқыту және кадрларды даярлау, біліктілікті арттыру, отандық білімді дамыту, денсаулық және тағы басқа нақты шараларды қабылдау қажет, – деді депутат Олжас Құспеков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға