Жаңалықтар

Депутат Үкіметке Екібастұздағы жағдай Ақсуда қайталанатынын ескертті

Депутат Үкіметке Екібастұздағы жағдай Ақсуда қайталанатынын ескертті
Фото: El.kz 14.06.2023 12:50 1975

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласының жылу мәселесі жөнінде энергетика министріне депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, 73 мыңдай халық тұратын шаһар бүгінде Ақсу ферроқортпа зауытының қазандығы арқылы жылытылып келеді. Ол қазандықтардың да тозығы жеткен.

Оған қаланың ескірген ішкі жылу жүйесін қосыңыз. Алда-жалда апат орын ала қалса, Екібастұздың күйіне түсуі мүмкін екенін ескертеміз. 2016 жылдан қолға алынып, 2017 жылдың  қалаға жеке қазандық салу жұмысы басталған. «Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің» тапсырысы бойынша 10 миллиард 698 миллион теңге бөлініп құрылыс жұмыстары басталған. Алайда қаржы жекіліксіз деп танылып, осы уақытқа дейін жалпы алғанда 12 миллиардқа жуық қаражат жұмсалды, – дейді депутат.

Мәжілісмен салынып бітіп, іске қосылған қазандық жоқ деп отыр. Қала шетіне бой көтерген нысан мердігерден-мердігердің, суб мердігердің қолына өткен түсініксіз нысан болып тұр.

Енді, ел бюджетінен миллиардттаған қаражат жұмсалған құрылыс үшін кім жауап береді? Бұл арнайы тексерісті, жеке-дара қарауды қажет ететін сауал. Сондықтан ертең қыстың көзі қырауда Ақсу қаласының тұрғындары да жылусыз қалуы мүмкін деген қауіппен дабыл қағып отырмыз. Әрі арнайы шаралар қабылданып, мәселе шұғыл шешімін табуы керек, – дейді Жарқынбек Амантайұлы.

Ол ендігі кезекте мәселені түбегейлі шешу үшін министрлік жанынан шұғыл түрде арнайы комиссия құрылуы қажет деп есепетейді. Мәжілісмен шаһардың жылу жүйесіндегі мәселелер жедел сарапталып, оның түпкілікті шешілу жолы айқындаулы керек деп айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға