Жаңалықтар

Депутат саңырауқұлаққа емес, зиянды тағамға салық енгізуді ұсынды

Депутат саңырауқұлаққа емес, зиянды тағамға салық енгізуді ұсынды
Фото: t.me/mazhilis_kz 24.05.2023 17:05 692

Депутат Магеррам Магеррамов Мәжілістің жалпы отырысында зиянды тамақ өнімдеріне салық енгізуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша,  бүгінде әлемде зиянды тағамға салық салу практикасы айтарлықтай кең тараған. Соңғы он жылда мұндай салық Дания, Эквадор, Египет, Франция, Венгрия, Мексика, АҚШ және басқа да елдерде пайда болды.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, "қоғамдық денсаулықты қолдау салығы" өз мақсаттарына жетті. Салықтың осы түрі енгізілген елдерде азық-түлік өнімдерін өндірушілер мен сатушылардың 70%-ы зиянды және қосымша салық салынатын компоненттерді азайтты, - дейді депутат.

Ол үкімет жидек сияқты пайдалы өнімге салық енгізгенше денсаулыққа зиянды тағамға салықты көтерген дұрыс деп есептейді.

Сондықтан біз зиянды өнімдерге салықты қолдану мәселесін қарастыруды ұсынамыз, ал табысы төмен отбасыларға пайдалы өнімдерді сатып алатын ваучерлер беруді ұсынамыз. Әйтпесе, елде барлық маңызды істер мен міндеттер орындалып, тек саңырауқұлақтар мен жидектер мәселесі қалғандай, - деді Магеррам Магеррамов.

Айта кетейік, 2024 жылдан бастап елімізде саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін салық енгізіледі. Оны дәрілік препарат жасайтын, коммерциялық мақсатта пайдаланатын кәсіпкерлер төлейді. Төлем сомасын жергілікті мәслихаттар есептейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға