t.me/mazhilis_kz

Депутат Маңғыстау облысындағы жағдайға байланысты құрылған Үкіметтік комиссия жұмысын сынады

Маңғыстау облысындағы жағдайды реттеуге арналған Үкіметтік комиссия нәтижелі жұмыс атқара алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылай деген Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдады. Мәжілісменнің айтуынша, бұған өңірде жиі-жиі туындап отырған әлеуметтік наразылықтар дәлел.

Осы орайда Мұсабаев Үкімет деңгейінде Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуге арналған арнайы Үкімет комиссиясын құруды ұсынды.

Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысында қордаланған барлық мәселені анықтап, тиісті шешімдер қабылдап, нақты нәтижелерге қол жеткізуі қажет, - деді депутат.