Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот үкімі шықты
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
09.10.2023 12:55
1496
Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтерген. Кейін Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кетті деген ақпарат шыққан еді.
Нұрасыл Болат Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-бөлігінің 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салынсын, - деді судья Дихан Әлиасқаров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда жас отбасы көлікте газдан уланып көз жұмды