Жаңалықтар

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тағы да шу шығарды

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тағы да шу шығарды
Фото: Видеодан кадр 14.08.2024 15:15 1025

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат сот үкімін орындамай жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болат ерлі-зайыпты заңгерлер Черновтарға шабуыл жасағаны үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген еді.

Желідегі бейнежазбада оның талапты орындамай жүргенін байқауға болады. Түнгі уақытта темек тартып тұрған Нұрасыл Болат видео авторының сөзіне жауап қатпайды.

Таң атпастан видео келді. Видеодағы депутат Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың бас бостандығы шектелген және оған міндеттер жүктелген, бірақ видеодан оны сақтамай жүргені көрінеді. Видео шамамен таңғы 3-те салынған, 23.00-де ол үйде болуы керек. Оның тіркелген жері, пробация да Астана қаласында, ал видео түнде Алматы қаласында түсірілгені айтылды. Қаншама заңбұзушылық?! ҚАЖК-ға біраз сауалым бар, - деп жазды заңгер Анна Чернова. 

Заңгер жауапты органдардан осы жайтқа қатысты тергеу жүргізуді, депутаттың ұлына тиісті шара қолдануды сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға