Жаңалықтар

Депутат білім беру саласында ақаулықтар көп екенін айтты

Депутат білім беру саласында ақаулықтар көп екенін айтты
Фото: Мәжіліс 14.02.2024 15:30 1775

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық колледждердің жалпы жұмыс жасау жүйесіне, әдістемесіне бөлек қолдау қажеттілігін айтып, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың қыркүйек айында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің жұмысымен танысып,  "Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға. Балаларға лайықты білім беріп жатырсыздар. Білімсіз адам қауқарсыз деп айтуға болады. Қауқарсыз адам қазіргі бәсекеге толы әлемде қалай өмір сүреді? Сондықтан жас мамандарға мен ризамын. Өздеріңіз сияқты жастарды мемлекет те әрқашан қолдайды" – деді.

Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, әр мұғалім үлгі тұтатын Жүсіпбек Аймаутовтың 135 жылдық мерей тойы аталып өтпекші. Алайда, осындай атаулы жылда бүгінгі білім беру саласында ақаулықтар бар екені мәлім, - деп атап өтті.  

Депутат педагог кадрларды даярлауды жетілдіруге қатысты бірнеше ұсыныстарын айтты.

Қазір қысқаша айтайын, толық нұсқасын қағаз жүзінде жолдаймын.

  1. Жоғарғы оқу орнына туыстас мамандықтарға қабылдауға білім беру грантын көбейту туралы.
  2. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагог қызметкерлерінің мәртебесін көтеру туралы.
  3. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары мен тағлымдамадан өту туралы.
  4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға