Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі онконауқастар дәрі-дәрмекпен қамтылатынын мәлімдеді

Денсаулық сақтау министрлігі онконауқастар дәрі-дәрмекпен қамтылатынын мәлімдеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 18.07.2024 08:36 605

Онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету - Денсаулық сақтау министрлігінің басты міндеті. Бұл туралы ДСМ мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез-келген үзілістерді болдырмау үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақтылы беру тетігін анықтады.

Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді.

Пациенттерге ыңғайлы болу және қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бар Call-орталық жұмыс істейді, оған қоңырау шалып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініштер қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмектен бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға