t.me/KZgovernment

Денсаулық сақтау: ауылдарда 500-ден астам нысан құрылысы аяқталды

Премьер-министр орынбасары Ермек Көшербаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мемлекет басшысының тапсырмалары аясында денсаулық сақтаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Вице-премьер өңірлерде заманауи ауруханалардың құрылысы және медициналық мекемелерді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жыл сайын ана мен бала өлімі төмендеп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жақсаруда.

Президенттің «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша тапсырмасына сәйкес 500-ден астам нысанның құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 140-тан астам ауылдық амбулаториялар мен медициналық пункттер іске қосылады. Өңірлерге сапар барысында осы нысандардың құрылыс барысымен, сондай-ақ олардың медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуімен танысқанымды атап өткім келеді. Жалпы, ауыл тұрғындары атап өткендей, ұлттық жобаның нәтижесінде ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігі артып келеді, - деді Ермек Көшербаев.

Ол сондай-ақ соңғы уақытта дәрігерлер мен медбикелерге қатысты зорлық-зомбылық жағдайлары олардың кәсіби міндеттерін орындау кезінде жиілеп кеткенін айтты. Қазір мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша депутаттық корпуспен бірлесіп осындай әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылықты қатаңдату бойынша заңнамалық түзетулер пакеті әзірленді.