Денис Тен мемориалы: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың қысқа бағдарламадағы нәтижелері
02.10.2025 22:34
Фото:
ҚР ҰОК
Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалы аясында әйелдер арасында қысқа бағдарламадағы сайыстар аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аралық бірінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хэ Ин иеленді - 64.78 ұпай. Екінші орында - канадалық Маделин Щижас (55.55), ал үшінші орынға АҚШ өкілі Джозефин Ли (54.15) жайғасты.
Амира Ирматова алтыншы орында - 47.22 ұпай. Нұрия Сүлеймен жетінші нәтижемен жарысты аяқтады - 44.95. София Фарафонова сегізінші орынға табан тіреді (42.47). Вероника Коваленко оныншы орында - 39.57, ал Русалина Шакрова 11-орынмен шектелді - 30.59.
Айта кетейік, 2 қазанда ерлер қысқа бағдарламада сынға түседі. Ол Астана уақытымен 18:30-да басталады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

