Жаңалықтар

«Денесін бөлшектеп, Ертіске лақтырып жіберген». Әйелін өлтірген ер адам сотталды

«Денесін бөлшектеп, Ертіске лақтырып жіберген». Әйелін өлтірген ер адам сотталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 16.01.2024 10:19 1432

Павлодар облысының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін өлтіріп, денесін Ертіс өзеніне лақтырып жіберген, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 2022 жылғы 31 қазанда болған. Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Тереңкөл ауылындағы пәтерде ер адам мен оның азаматтық әйелінің арасында көмір сатып алуға қалдырылған 36000 теңгені жұмсағаны үшін жанжал басталған. Жанжал барысында масаң күйде болған ер адам әйеліне бірнеше рет ауыр соққы жұмсап, мерт еткен. Қылмысын жасыру үшін денесін бөлшектеп, қапқа салып, Ертіс өзеніне лақтырған.

Оқи отырыңыз:

Істің мән-жайын және сотталған адамның жеке басын ескере отырып, оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға