Жаңалықтар

Денедегі жағымсыз иістен қалай құтыламыз?

Денедегі жағымсыз иістен қалай құтыламыз?
Фото: © Shutterstock.com 16.08.2023 11:30 3140

Терлеу адам бойындағы табиғи процесс болғанымен көпшілік қауым терлегенде шығатын жағымсыз иістен арылудың жолын іздеп жатады. Адам ағзасында қандай бір ауытқу болғанда, инфекция түскенде жағымсыз иіс шығады.  

Медицина тілімен айтсақ, тершеңдік гипергидроз деп аталады. Гипергидроздың бірнеше түрі кездеседі. Біреулерде алақаны суланып, терлей берсе, енді біреулерде қолтық пен аяқтан иіс шығады. Иістің шығуына гормон аурулары мен ішкі ағзалардың аурулары әсер етеді. Сондай-ақ гигиениалық талаптардың сақталмауынан да жағымсыз иіс шығады.

Денедегі жағымсыз иістен арылу үшін не істеу керек?

Ең алдымен, суды жеткілікті мөлшерде ішкен жөн. Ол ағздағы зат алмасу процесін сақтап, қалыпты жағдайда терлеуге ықпал етеді. 

Жағымсыз иістің шығуына күнделікті тамақтану әдеті де әсер етеді. Пияз бен сарымсақ секілді өнімдер шектен тыс тершеңдік туғызуы мүмкін. Жаз айларында, яғни ыстық күндері тұзды тағамдарды аз тұтынған абзал. Ащы немесе хош иісті тағамдар мен шылым шегу де жағымсыз иіс шығарады. Сондықтан, ақуыз бен майға бай тамақтардың балансын сақтау керек.

Тұрақты душ қабылдау: Күнделікті душ қабылдау жағымсыз иіс тудыратын бактериялар мен терді кетіруге көмектеседі.

Сабын таңдағанда, бактериялармен күресуге көмектесетін антисептикалық немесе дезодорант өнімдерді таңдаңыз.

Синтетикалық маталардан аулақ болыңыз. Синтетикалық материалдар иісті сіңіріп алады. Табиғи маталардан тігілген киімдерді киген жөн. Үстіңіздегі киімді үнемі ауыстырыңыз, әсіресе қатты терлеген жағдайда және жаттығудан шыққан соң.

Туфлилер мен кроссовкалардан жағымсыз иіс шыққанын қаламасаңыз, аяқ киімге арналған спрей қолданып көріңіз. Сондай-ақ жабық аяқ киім киген кезде міндетті түрде шұлық киіңіз. Себебі аяқ киім материалы мен тері арасындағы реакция өткір жағымсыз иіс береді.

Денедегі түктерден арылыңыз. Қолтықтағы түк ылғалды ұстап тұрады және жағымсыз иіс береді.

Дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Айтылған кеңестерді орындап, бірақ жағымсыз иістен арыла алмасаңыз, маман кеңесін тыңдаңыз. Әсіресе, гормоналды бұзылыс кезінде эндокринолог дәрігердің кеңесінсіз мәселе шешіле қоймасы анық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға