Жаңалықтар

Дене шынықтырудың 400-ге жуық маманы біліктілік арттыру курсынан өтті

Дене шынықтырудың 400-ге жуық маманы біліктілік арттыру курсынан өтті
Фото: gov.kz 15.06.2023 07:35 662

2023 жылдың басынан дене шынықтыру және спорт саласындағы 395 маман біліктілікті арттыру курсынан өтіп, тиісті сертификаттар алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда біліктілікті арттыру бойынша 6 курс өткізілді. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының жоспарына сай биыл 17 тегін курс ұйымдастырылады. Ол курстар 700-ге жуық адамды қамтитын болады.

«Жаңа кадрлар даярлау және салада жүрген спорт мамандарының біліктілігін арттыру - біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл ретте, тек жаттықтырушыларға ғана емес, сонымен қатар спорттық оқу орындарының жаттықтырушы-оқытушыларына да көңіл бөлінеді. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға баса назар аударылады», - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға