Демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz
28.11.2022 20:02
921
Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Отырысқа қатысушылар теміржол жүк тасымалы нарығындағы жағдайды, жеке компаниялардың магистральдық теміржол желілеріне қол жеткізу мәселелерін, сондай-ақ ірі өңірлік электр станциясының жұмысын қарастырды.
Сонымен қатар Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензия берудің заңдылығын тексеруді жалғастыруды тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға