Жаңалықтар

Демеу Жадыраев Олимпиаданың финалына шықты

Демеу Жадыраев Олимпиаданың финалына шықты
Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов 06.08.2024 21:44 530

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін грек-рим күресінен Демеу Жадыраев финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай финалда Демеу 2021 және 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері әзірбайжандық Санан Сүлейменовпен белдесіп, жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Жадыраев Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовты жеңген.

Оның алдында бірінші айналымда Колумбия балуанын 9:0 есебімен ұтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға