Демалыста боран басылып, аяз күшейеді
Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
11.02.2024 08:19
1173
«Қазгидромет» демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Демалыста боран басылып, аяз 28 градусқа дейін күшейеді. Скандинавия циклоны бірте-бірте елімізден ығысады.
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Бұрқасын көтеріліп, екпінді жел соғады. Көктайғақ болады. Содан кейін атмосфералық қысымның жоғарылауымен жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды.
Температура еліміздің солтүстік жартысында түнде 20-28 аязға дейін, күндіз 15-20 аязға дейін айтарлықтай төмендейді.
Оңтүстік аймақтарға Иран аймағынан оңтүстік циклон келеді. Салдарынан жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады.
Жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға