Жаңалықтар

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 13.01.2023 16:02 980

Синоптиктер 14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең антициклон ықпал етеді, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады.

«Елдің батысында ауа температурасы түнде 9-19-дан 5-17-ге дейін шамалы көтеріледі, түнде солтүстік-батыста 13-28 аяз, солтүстікте 10-23 аяз, орталықта 17-28 аяз, шығыста 18-32 аяз болады», деп хабарлайды синоптиктер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға