Жаңалықтар

Демалыс күндері жел күшейіп, жаңбыр, бұршақ жауады

Демалыс күндері жел күшейіп, жаңбыр, бұршақ жауады
Фото: pexels.com 09.08.2024 14:00 355

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

10-12 тамыз аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады. Қатты жаңбыр 10, 12 тамызда солтүстік-батыста, 10 тамызда орталықта, 10-11 тамызда шығыста, 11 тамызда оңтүстік-шығыста болады деп болжануда. Республика бойынша жел күшейеді.

Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +20+30°С дейін, солтүстік-батысында +15+28°С дейін, солтүстігінде +15+25°С дейін, еліміздің шығысында және орталығында +17+28°С дейін біртіндеп төмендеуі болжанады. Оңтүстік шығыста күндізгі уақытта +35 + 38°С қатты ыстық сақталады, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37°С күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға