Демалыс күндері дауылды жел соғып, жаңбыр жауады
Мөлдір Қайнар тілші
«Қазгидромет» РМК мамандарының болжауынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан Республикасының басым бөлігі циклонның ықпалында болғандықтан, жаңбырлы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дауылды жел соғып, еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жаууы болжанады. 22-23 маусымда еліміздің батысында, 22-24 маусымда солтүстік-батысында, 22 маусымда еліміздің солтүстігінде қатты жауын күтіледі.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+35°C дейін, шығысында +31+39°C дейін жоғарылайды, еліміздің солтүстік-батысында +22+30°C дейін, оңтүстігінде +30+38°С дейін, оңтүстік-шығысында +25+38°С дейін төмендейді.
Ал солтүстігі мен орталығында +23+36°С мен +28+38°С аралығында өзгереді.

