Жаңалықтар

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Фото: El.kz 15.11.2024 18:02 446

Синоптиктер 16-18 қараша арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс циклонның жырасы әсер етеді.

Сондықтан еліміздің батысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, ал солтүстік-батыста және солтүстікте қар жауып, бұрқасын соғады.

Республиканың қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, 15-25 м/с-ке дейін жел күшейеді, - деп жазылған «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.

Сондай-ақ күндіз Қазақстанның батысында плюс 2-10 градус жылы, солтүстік-батыста 5 градус суық, 5 градус жылы болады.

Солтүстікте, шығыста және орталықта  5 градус аяз, 2 градус жылы, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста  5-15 градус жылы болады деген болжам бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға