Жаңалықтар

Демалыс күндері ауа-райы күрт бұзылады

Демалыс күндері ауа-райы күрт бұзылады
Фото: Pixabay.com 07.04.2023 14:37 1029

“Қазгидромет” 8-10 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республиканың солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 9 сәуірде оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), 10 сәуірде оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі; оңтүстік, батыс аймақтарда шаңды дауыл мен найзағай; солтүстікте, шығыста және орталықта – көктайғақ. күтіледі. Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік болады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға