Доллар ай басынан бері үздіксіз қымбаттап жатыр. 12 желтоқсанда Қазақстан қор биржасындағы сағат 15:30-ға дейінгі валюта саудасында 1 АҚШ доллары 522,38 теңге болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана және Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллар, евро және рубльдің сатып алу-сату орташа курстарында кешегімен салыстырғанда едәуір өзгерістер байқалды.
Ұлттық банктың ресми деректері бойынша доллар бағамы: 522,38 теңге, евро: 603,09 теңге, рубль: 6,68 теңге.
Астана:
Доллар: сатып алу - 517,7 теңге, сату - 524,7 теңге
Еуро: сатып алу - 602,6 теңге, сату - 612,6 теңге
Рубль: сатып алу - 6,50 теңге, сату - 6,65 теңге
Алматы:
Доллар: сатып алу - 520,1 теңге, сату - 522,3 теңге
Еуро: сатып алу - 604,4 теңге, сату - 607,4 теңге
Рубль: сатып алу - 6,52 теңге, сату - 6,65 теңге.

