Жаңалықтар

Демалыс күндері ауа райы салқындайды

Еліміздің солтүстігінде, орталығында түнде 3 градустан 8 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі
Демалыс күндері ауа райы салқындайды
Фото: pexel.com 14.10.2022 15:10 1675

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстік облыстарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Атмосфералық фронттар еліміздің оңтүстік-шығысында тек осы аптаның соңына қарай жаңбыр жауады. Республикада желдің күшеюі, шығысында, солтүстігінде, батысында тұман, солтүстікте көктайғақ күтіледі»,  делінген синоптиктердің хабарламасында.

Атап айтқанда, Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде 3 -10 градусқа дейін төмендейді, күндіз ауа 8-15 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік-батыста 20 градус жылы болады;

Республиканың солтүстігінде, орталығында түнде 3 градустан 8 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі.  

Шығыста түнде 5-8 градус, күндіз 10-21 градус жылылықты көрсетіп тұр.

Республиканың оңтүстігінде түнде 0-11, күндіз 15-23 градус жылы болады;

Оңтүстік-шығыста түнде 3-12 градус жылы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға