Жаңалықтар

Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды

Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi 06.09.2024 19:17 336

Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық пара дзюдошы Даяна Федосова қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отандасымыз J2 санаты бойынша 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін таласта түркиялық Дендю Ешилюртті 11:0 есебімен жеңді.

Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпия ойындарының кезекті жарыс күнінде де ел қоржыны жүлделер түсіп жатыр. Пара дзюдодан әлем чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері Даяна Федосова бұл жолы да жанкүйерлерді жеңісімен қуантып, Паралимпиаданың қола медалін олжалады. Бұл – пара дзюдодан ұлттық құрама спортшыларының Парижде жеңіп алған екінші медалы. Кеше Ақмарал Науатбек Парижде Әнұранымызды шырқатып, ел мерейін өсірген еді. Даянаны Паралимпия ойындарының жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймын! Жерлесіміздің алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспін, - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов. 

Айта кетейік, Даяна Федосова Токио Паралимпиадасына да қатысып, жүлдеге сәл жетпей қалған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға