Жаңалықтар

Дауыл, өрт қаупі: 11 тамызға арналған ауа райы болжамы

Дауыл, өрт қаупі: 11 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 11.08.2024 06:32 719

Қазгидромет мамандары 11 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы

11 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өскемен қ.: 11 тамызда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

11 тамызда түнде Абай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Семей қ: 11 тамызда түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

11 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 11 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

11 тамызда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай: 11 тамызда күннің соңында найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

11 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

11 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды қ.: 11 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Түркістан облысы

11-16 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкент қ.: 11-16 тамызда төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Түркістан қ.: 11-16 тамызда төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Қызылорда облысы

11 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 11 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

11 тамызда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: 11 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Жетісу облысы

11 тамызда Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы

11 тамызда Атырау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік- батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ: 11 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

11 тамызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 11 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Алматы облысы

11 тамызда түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 11 тамызда түнде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қ.: 11 тамызда төтенші өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға