Жаңалықтар

«Дауыл, бұршақ, жаңбыр». Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Дауыл, бұршақ, жаңбыр». Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: ©pixabay.com 19.06.2024 16:55 596

Синоптиктер Қазақстанда 20, 21 және 22 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері нормадан тыс аптап болған Қазақстанның батысында ыстық бәсеңдеп, 22 маусымда күтілетін нөсер жаңбырға байланысты ауа температурасы қалыпты жағдайға түседі деп күтіледі.

Елдің солтүстігі мен орталығында, жауын-шашын аздап тоқтағаннан кейін, найзағай соғып, тағы жаңбыр жауады, жекелеген аймақтарда нөсер, бұршақ және қатты дауыл болады. Ал республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек шығыс өңірлерде ауа райы айтарлықтай жауын-шашынсыз болады деп болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға