Дәулет Төлемісов әлем чемпионатын жеңіспен бастады
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Қазақстандық боксшы Дәулет Төлемісов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өткізіп жатқан Дубайдағы (БАӘ) әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Төлемісов 1/16 финалда бразилиялық Батагелло Соуза Рамонмен кездесіп, айқын басымдықпен – 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Дәулет Төлемісов - 2025 жылы Бразилияда өткен Әлем кубогының жеңімпазы.
Осылайша, 5 желтоқсан күні шаршы алаңға шыққан үш боксшымыз да жеңіске жетті. Бұған дейін Санатәлі Төлтаев пен Ерасыл Жақпеков жеңіске жеткен.
Еске сала кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы бұл әлем чемпионатына барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша қатысып жатыр. Біріншілік 13 желтоқсанға дейін жалғасады.

