Жаңалықтар

Дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының чемпионаты өтті

Дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының чемпионаты өтті
Фото: ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ 10.06.2023 15:35 3831

«Elorda Sadaq Atu» дәстүрлі садақ ату федерациясының ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен дәстүрлі садақ атудан жастар және ересектер арасында Астана қаласының чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Чемпионатқа елорда өңірінен 70-ге жуық мергендер бақ сынасты. Жарысқа 18-24 және 24 жастан жоғары жас аралығындағы сұр мергендер қатысты. 
Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Диас Ахметовтің айтуынша аталған чемпионатқа ересектер мен жастар санаты бойынша мергендер қатысты.

Дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының чемпионаты өтті
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Жарыстың басты мақсаты елордалықтардың спортқа және ұлттық құндылығымызға деген қызығушылығын арттыру, қазақылықты жаңғырту аясында осындай жарыс ұйымдастырылып отыр. Бұл сайыстан іріктелген мергендер алдағы Қазақстан чемпионатына қатысады. Әр спортшының өзіне жеке 10 оқ беріледі және барлығын қосқанда 70-ге жуық садақ бар, - дейді.

Дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының чемпионаты өтті
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Сондай-ақ, ерлер мен қыздар өз категориясы бойынша сайысып жатыр. Дәстүрлі садақ атуға 7 жастан 70-ге дейін ақсақалдар қатысатынын айтты.

Бұл сайыстың ерекшелігі, өзімізге жақын қазақтың дәстүрін сақтайтын ұлттық нақыштағы киіміміз. Сайыста тек спорт қана дамымайды, онымен қоса қазақтың рухы жаңғырып, ұлттық спортқа деген сүйіспеншілік артады. Соңғы үш жылдың ішінде дәстүрлі садақ атуға деген қызығушылық өте қатты оянып жатыр. 30 жылдың ішінде қазақтар енді ғана қазақ екенін сезініп жатыр, - дейді федерация президенті Диас Ахметов.

Дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының чемпионаты өтті
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Сондықтан да, садақ ату, атқа міну, жамбы ату болсын оның бәрі қазаққа өте ыстық екенін тілге тиек еткен Диас Ахметов әр спортшының садақ атуға деген қызығушылығы артпаса, кемімейтінін айтады.

Жарыс үш нысана бойынша өтті. Пута нысанасы бойынша 70 метрде ерлер, 60 метрде әйелдер және қалқан нысанасы бойынша 60 метрде ерлер, әйелдер және Орта Азия нысанасы бойынша 40 метрде ерлер-әйелдер сайысқа түсті.

Садақ атумен айналысып келе жатқанына үш жылға жуықтаған 60 жастағы қария Асқар Ахметов бүгінгі сайыстың берері көп екенін айтты.

Дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының чемпионаты өтті
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Әр сайыс өзімізге сынақ. Қандай дәрежеге жеттік, қай жерден қателік жібердік деген сияқты олқылықты әрбір жарыс сайын түзетіп отырамыз. Дәстүрлі садақ атумен айналысып жүрген ең үлкен жастағы қатысушы болғасын, жастармен жаттығу арқылы олардан қуат аламын. Немереммен, баламмен жасты қатысушылар бар, - дейді 60 жастағы қатысушы.

Үйдегі бала-шағасын, немере-жиенін садақ атуға тартқанын айтты. Мәселен 15 жастағы жиені жақында Қазақстан чемпионатына қатысқан екен.

Дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының чемпионаты өтті
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Жарысты тамашалуға келген көрермендер мен қонақтарға керемет табиғат аясында серуендеуге жалға аттар берілді. Сондай-ақ, дәмді палау, балаларға арналған әртүрлі ойын-сауықтар мен садақ атудан ойындар ұйымдастырылды.

Дәстүрлі садақ ату федерациясының атқарушы директоры, мерген Бақберген Сәлімов сайыстың осымен екінші мәрте ҚР чемпионатына іріктеу жүріп жатқанын айтты. Жылдан жылға еліміз бойынша дәстүрлі садақ ату мергендері көйбейіп келе жатыр.

Дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының чемпионаты өтті
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Биыл Астананың өзінен 70-80 ге жуық садақшы қатысуда. Былтыр Қазақстан чемпионатына елордалық садақшылардан 15 спортшы ұлттық құрамаға өтті. Мемлекет тарапынан соңғы үш жыл ішінде айтарлықтай қолдау бар. Ұлттық спорт қауымдастығынан және Астана қалалық спорт басқармасы бізге көп көмектесуде. Бұл сайысты да осы басқарма ұйымдастыруға атсалысты, - дейді ол.

Дәстүрлі садақ ату ұлттық спорт ретінде бекітілгені белгілі. Бұдан жеңген спортшылар спорт шебері, спорт шеберіне үміткер және халықаралық жарыстан орын алған жағдайда халықаралық дәрежедегі спор шебері атанады.

Дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының чемпионаты өтті
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Дәстүрлі түрде әріқарай жалғастыруға атсалысамыз. Ұлттық кодымызда бпр дүниені неге жаңғыртпасқа?! Бұл спорт біздің қанымызда бар. Дәстүрлі садақ ату бұқаралық спортқа бейім спорт түрі. Мұны ұйымдастыруға садақ пен оқ және алаң болса жеткілікті. Сол себепті федерация бұқаралық спорт түріне айналдыруға жұмыс жасап жатыр. Яғни, 7-70 жасқа дейін әуесқой және кәсіби түрде осы спортпен айналыса алады, - дейді Бақберген Сәлімов.

Аталған спорт қарқын ала бастағасын, садақ жасайтын шеберлер де көбейе түсіпті.

Дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының чемпионаты өтті
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Бұрын халық арасында садақ жасайтын шеберлер санаулы-ақ еді. Қазір шетелмен тәжірибе алмасудың, халықаралық жарыстарға көп шығудың арқасында біздің шеберлер Түркия, Можарстан сынды елдердің садақ жасаушы шеберлерімен тәжірибе алмасып, біртіндеп өз елімізде жасап жатыр. Садақ ату спортының төрт ерекшелігі бар. Бірінші - ұлттық ойын, екінші - дәстүр және үшінші спорт ретінде насихатталып міндетті түрде ұлттық нақыштағы киім болу керек, - дейді.

Яғни, ұлттық киімсіз мергендер алаңға шықпайды. Тіпті аяқ киім ұлттық нақышта болмаса, жалаңаяқ жүруге тура келетін көрінеді. Бүгінде федерация осы ережені қатаң сақтап отыр. 

Дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының чемпионаты өтті
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Барлық спортшыларға бірдей үш нысанада бақ сынау мүмкіндігі берілді. Әр нысана бойынша ерлер мен әйелдерге 1, 2, 3  дәрежелі орын және жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға