Жаңалықтар

"Дәстүрді жамылып, өмірін құртады". Қыз алып қашқандарға жаза қатаңдай ма?

"Дәстүрді жамылып, өмірін құртады". Қыз алып қашқандарға жаза қатаңдай ма?
Фото: Әлеуметтік желі 17.10.2023 15:17 834

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қыз алып қашқаны үшін жазаны қатаңдатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қыз алып қашқандарға жазаны қатаңдатуды ұсынғаны белгілі. Ішкі істер министрлігі мәселенің өте өзекті екенін айтты.

Бүгінде бізде "Заңсыз бас бостандығынан айыру" деген бап бар. Әдетте, бұл салт-дәстүр деңгейіндегі іс-шара екенін білеміз және кейде жастар өзара келісім бойынша үйленеді. Мен қазір статистиканы айта алмаймын, бірақ бізде осы бап бойынша қозғалған істер бар, – деді Игорь Лепеха.

Вице министр дәстүрді жамылып, қыздардың тағдырын талқандайтындар да жетерлік екенін айтты.

Бұл бастама жайында білемін, егер ол қазір Мәжілісте талқыланса, біз оған қуана қатысамыз, мәселе өзекті, халықаралық ұйымдардың барлық баяндамаларында бұл мәселе бізге шағым ретінде беріледі. Олар салт-дәстүрді біле бермейді, мұндай дүниелереді түсінбейді. Бәлкім, менталитетті ескере отырып, бұл мәселенің кей тұстарын түзетуге болар, өйткені дәстүрді жамылып, шынымен азаматтардың конституциялық құқығын бұзады, – деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға