Жаңалықтар

«Дарын» сыйлығының дарындылары марапатталды

10 номинация бойынша 19 жеңімпаз анықталды
«Дарын» сыйлығының дарындылары марапатталды
Фото: El.kz 08.12.2022 19:32 2521

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл аталған сыйлыққа 30 жыл толып отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Тәуелсіздік алғаннан бері жастарға ерекше қолдау барын атап өтті және дарынды жастарға сыйлықтарын табыс етті.

«Биыл «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 30 жыл толып отыр. Осыған орай әрі жастар жылы аясында Үкімет "Жастар саясаты" туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасында көрсетілген басты мәселенің бірі жастардың жасын 35 жасқа дейін көтеру болды. Біздің ұсынысымыз қабылданды. Оның игілігін барлық жас көреді деп ойлаймын. Жасы 29-дан асқан «Дарын» сыйлығына тапсыра алмағандар мен басқа да біздің көптеген жобаларға қатыспағандар енді 35 жасқа дейін қайтадан осы сыйлыққа тапсыра алады. Сондықтан арнайы қабылданып жатқан осы заң жобасы көп септігін тигізеді деп ойлаймын. Осы аталым бойынша 30 жылдың ішінде 300-ден астам талантты жас марапатталды. Барлықтарыңызға құтты болсын!», — деді министр Дархан Қыдырәлі.

Марапат иегерлері мына номинация бойынша сыйлыққа ие болды. Атап өтсек, «Эстрада» номинациясы бойынша Ақбота Құснадин, Нұртас Омаров , «Классикалық музыка» номинациясы бойынша Шыңғыс Расылхан, Әйгерім Алтынбек иеленді.

«Дарын» сыйлығының дарындылары марапатталды

«Халық шығармашылығы» номинациясын Таңат Сәденов, Аяулым Қамажан, «Әдебиет» номинациясы бойынша Шерхан Талап, Төлтай Файзолла, «Театр және кино» номинациясы бойынша Назерке Серікболова, Мирас Әбіл алды. 

«Спорт» номинациясы бойынша Бибісара Асаубаева , Жансая Әбдімәлік, «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Төлеп Алмас, Арнұр Жабағин «Журналистика» номинациясы бойынша Шерхан Әбделиев, «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша Оксана Набиева, Тимур Жұмырбаев, «Ғылым» номинациясы бойынша Камила Егізбек, Фарух Машуров марапатталды.

«Дарын» сыйлығының дарындылары марапатталды

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық театрдың көркем әдебиет және ғылыми қор бөлімінің басшысы театртанушы-драматург Мирас Әбіл «Дарын» сыйлығының лауреаты атанды. Дарынды жасты сөзге тарттық. 

«Дарын» сыйлығының дарындылары марапатталды

«Менің қатарымдағы кез келген жас бұл марапатқа лайық. Өнер жолы әркімге жалын ұстата бермейтін қиын жол. Қаншама дарынды жастың ішінен театр өнері бойынша жазған пьеса, халықаралық және республикалық байқауларда бой көрсетіп жүрген шығармашылығымның жаңа белеске бұрылғаны секілді бұл марапат маған осындай әсер қалдырды. Әрі қарай тоқтамай, шығармашылық жолды дамытамыз. Өнер жолында жүрген жастарға айтарым марапатты місе тұтпай, шынайы жаны бар дүниелерді жасап, тоқтамай алға қадам басып, оқу процесінде жүрсе деймін. Мені қолдаған жандарға алғысымды айтамын», – дейді.

Сондай-ақ, жас дарын өзі қатарлас жастарға марапат емес, өнердің биігіне жеткенін қалайды. Себебі, атақ та марапат та адамға өзі келеді деп есептейді. Театртанушы Мирас Әбіл «Алтайдан ауған ел», «Абай-Тоғжан», «Дон Кихот», «Қарагөз, Гамлет, Фауст» сынды сахналық қойылымдардың авторы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға