Дарын Қонысбаев Азия кубогы кезеңінде екінші орын алды
30.09.2025 01:15
Фото:
ҰОК
Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы ірі турнирде бір медальға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ерлер арасында өткен жарыста Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды. Бірінші орынды ресейлік Денис Колобродов жеңіп алса, оның отандасы Роман Минеев үшінші болып мәре сызығын кесті.
Аян Бейсенбаев төртінші, Егор Крупяков алтыншы, Александр Тен 12-орын, Арлан Жанабай 15-орын, ал Әли Жанат 18-орын алды.
Әйелдер арасында қазақстандық Дана Ержанова медальға бір қадам жетпей қалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

