Жаңалықтар

Дәрігерлер қолдағы үш саусақты трансплантаттау бойынша бірегей операция жасады

Дәрігерлер қолдағы үш саусақты трансплантаттау бойынша бірегей операция жасады
Фото: gov.kz 16.10.2024 20:02 89

Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында (Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО) 18 жастағы пациенттің сол қолының үш саусағын трансплантаттау бойынша бірегей микрохирургиялық операция жасалды. Жарақат электрлік араны пайдалануға байланысты жазатайым оқиғадан болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

9 сағатқа созылған операция хирургтардан дәлдік пен шеберлікті талап етті. Соңғы операциялық микроскопты қолдану арқылы дәрігерлер бөлінген саусақтардың барлық зақымдалған тамырларын, нервтерін, сіңірлерін және сүйек құрылымдарын қалпына келтірді. Бұл элементтердің шағын көлеміне және операцияның жоғары күрделілігіне қарамастан, барлық дәнекер тіндер сәтті біріктірілді.

Бұл операция - біздің орталықта көрсетілетін медициналық көмектің ең жоғары деңгейінің жарқын мысалы. Заманауи жабдықты пайдалану және біздің мамандардың жинақталған тәжірибесі бізге ең қиын жағдайларды сәтті шешуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО микрохирургия және қол жарақаты бөлімшесінің меңгерушісі Мақсұт Ибраев

Биылғы жылы бұл орталықта жасалған қол саусақтарының әртүрлі сегменттерін қайта трансплантаттау бойынша сәтті операция екенін атап өткен жөн. Барлық алдыңғы пациенттер трансплантатталған саусақтардың қызметін толығымен қалпына келтірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға